Қарсыласу жетекшілері Палестина  мәселесіне тоқталды
(last modified Fri, 14 Apr 2023 11:58:30 GMT )
Сәу 14, 2023 17:58 Asia/Almaty
  • Қарсыласу жетекшілері Палестина  мәселесіне тоқталды

Бүгін қарсыласу осінің жетекшілері Құдс мінбері бағдарламасы аясында Палестина  мәселесіне тоқталды.

Ливан Хизболласының Бас хатшысы Сейед Хасан Насролла өз сөзінде аймақ пен ислам әлеміндегі қазіргі өзгерістерді имам Хомейнидің мұрасы ретінде Құдс күнін қайта жаңғырту қажеттілігінің айқын дәлелі деп тауып: «Елдер бір-бірімен келіспеушіліктерін шешуге шешім қабылдады және бұл үдеріс қарым-қатынастарды қалыпқа келтіру және Тель-Авивтің Иран мен қарсыласу осіне қарсы тұру үшін Израиль-Араб осін қалыптастыру жобасына әсер ететіні сөзсіз»,- деді.

Бұл бағдарламада сөз сөйлеген келесі адам Йемендегі Ансаралла қозғалысының бас хатшысы Сейед Абдул Малик Бадреддин: «Халықаралық Құдс күні Палестина мәселесінің мұсылмандардың жүрегі мен рухында тірі қалуы және қарсыласудың жалғасуы үшін»,- деп айтты.

Бахрейн исламдық қозғалысының жетекшісі аятолла шейх Иса Қасым да Бахрейн халқының ішкі жағдайына тоқталып: «Бахрейн халқы саяси жағдайдың шиеленісуіне байланысты қиындықтармен бетпе-бет келіп отыр, бірақ олар Ислам мен мұсылмандардың мүдделерін ұмытқан жоқ және әділ адамдарды қолдап, көмектесуден және лар үшін сөзсіз құрбан етеді»,- деді.

Тегтер