Генерал-майор Салами: Сионистік режим құлдырауда
https://parstoday.ir/kz/news/world-i69028-Генерал_майор_Салами_Сионистік_режим_құлдырауда
Ислам революциясы Сақшылар корпусының бас қолбасшысы: «Сионистік режим құлдырауда және оның айқын белгісі осы режимнің ішкі дағдарыстары болып табылады»,- деді.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Сәу 15, 2023 08:03 Asia/Almaty
  • Генерал-майор Салами: Сионистік режим құлдырауда

Ислам революциясы Сақшылар корпусының бас қолбасшысы: «Сионистік режим құлдырауда және оның айқын белгісі осы режимнің ішкі дағдарыстары болып табылады»,- деді.

Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің мәліметінше, генерал-майор Хұсейн Салами кеше жұма күні Исфахандағы (Иранның орталығы) Нақш-Джахан алаңында өткен Дүниежүзілік Құдс күні салтанатында сионистік режимнің Палестина қарсыласуымен қарсыласудағы әлсіздігіне тоқталып: «Сионистік режим құлдырауда және бұл режим Палестина халқының көтерілісінен қорқып, сионистерді әл-Ақса мешітінен шығаруға мәжбүр»,- деп айтты. Генерал-майор Салами АҚШ-тың аймақтағы саясаттан аластатылғанын және билік пен саяси үстемдік көрсететін жері жоқ екенін мәлімдеді: «Тіпті Американың кешегі одақтастары да бүгін одан алыстап кетті. Бүгін АҚШ сионистерге қолдау көрсеткісі келмейді емес, сионистерге қолдау көрсете алмайды және бұл режимнің сәтсіздікке ұшырағаны соншалық, олар бір-бірінен бөлініп кетті»,- деді.