Теһран жұма намазының имамы: Сионистік режим шарасыз, кедей және әлсіз жағдайда
https://parstoday.ir/kz/news/world-i69030-Теһран_жұма_намазының_имамы_Сионистік_режим_шарасыз_кедей_және_әлсіз_жағдайда
Теһран жұма намазының имамы: «Биылғы Дүниежүзілік Құдс күні шеруінің бұрынғы жылдардан ерекшелігі сионистік режимнің шарасыз, кедей және әлсіз жағдайда болуында»,- деді.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Сәу 15, 2023 08:08 Asia/Almaty
  • Теһран жұма намазының имамы: Сионистік режим шарасыз, кедей және әлсіз жағдайда

Теһран жұма намазының имамы: «Биылғы Дүниежүзілік Құдс күні шеруінің бұрынғы жылдардан ерекшелігі сионистік режимнің шарасыз, кедей және әлсіз жағдайда болуында»,- деді.

Теһрандағы жұма намазының имамы  Мұхаммед Джавад Хадж Алиакбари  бүкіл исламдық Иранда Дүниежүзілік Құдс күнінің халықтың жаппай қатысуымен өтуіне тоқталып: «Мұсылман әлемі биыл ерекше Құдс күнін бастан өткерді, өйткені сионистік режим ешқашан қазіргідей үмітсіз, кедей, қоршауда және қауіп төніп тұрған жағдайда болмады»,- деді.Алиакбари 1402 жылғы «инфляцияны тоқтату және өндірісті арттыру» ұраны туралы: «Ислам революциясы жетекшісінің көзқарасы бойынша бұл жұмысты халыққа тапсыру және ел экономикасын танымал ету негізгі шешім болып табылады»,- деп айтты.