Раиси: Қарым-қатынастарды қалыпқа келтіру сионистік режим үшін қауіпсіздікті тудырмайды
ИИР Президенті: «Сионистік режим мен аймақ үкіметтері арасындағы қарым-қатынастарды қалыпқа келтіруге талпыну қауіпсіздік факторы емес және болмайды»,- деді.
Fars ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Ибрахим Раиси Теһрандағы Дүниежүзілік Құдс күні шеруінің аясында бұл шеруді Ислам үмбетінің ынтымағы мен бірлігінің символы деп санап, былай деді: «Қасиетты Құдсты азат ететін күн өте жақын».Раиси сионистік режимнің күйреуін өте жақын санап: «Ислам әлемінің түкпір-түкпіріндегі бұл халық сионистік режимнің жойылуы мен Құдстың азаттығы өте жақын, елестетуден де жақын екенін көрсетеді»,- деп мәлімдеді. Иран Президенті Теһран халқының Құдс күні шеруіне жаппай қатысуына тоқталып: «Бұл шеру және бүкіл Ислам әлемінде өткізіліп жатқан шерулер Палестина, Ливан халқы және қарсыласу күрескерлері мен моджахедтер үшін олардың жалғыз емес екенін және оларды осы салада барлығының қолдайтынын білу үшін қолдау болып табылады»,- деп мәлімдеді.