Иран мен Ресей сауда және транзит саласында ынтымақтастық құжатына қол қойылды
Мәскеуде Иранның тасымалды дамыту қоры, Еуразияда тасымалды үйлестіру кеңесі және ТМД экономикасын дамыту орталығы арасында үшжақты ынтымақтастық меморандумына қол қойылды.
Ресейдегі ИИР елшісі Казем Джалали мен Ресейдің Тасымал министрінің орынбасары Дмитрий Зуровтың қатысуымен өткен рәсімде Иранның тасымалды дамыту қорының басшысы Давуд Данеш Джафари, ТМД экономикасын дамыту орталығының директоры Вадим Ганин және Еуразияда тасымалды үйлестіру кеңесінің бас директоры Геннадий Бусунов осы меморандумға қол қойды.
Осы меморандумға сәйкес, қол қойған тараптар халықаралық дәліздер, соның ішінде Солтүстік-Оңтүстік дәлізі бағытында сауда, транзит пен тауар қоймаларын арттыру үшін бір-бірімен әріптеседі.
Меморандумға қол қойғандар сондай-ақ ақпарат алмасу, ортақ жобаларды орындау және осы мақсаттарға жету үшін мамандандырылған делегациялармен алмасу керегін баса айтты.