Иран мен Катар екіжақты қарым-қатынасты нығайтып кеңейту керегін баса айтты
Ибрахим Раиси Катар әмірімен телефон арқылы сұхбатында ислам елдерінің сионистік режим басқыншылықтарының алдын алуда үйлесіп-бірлесіп әрекет ету керегін баса айтты.
Ибрахим Раиси шейх Тамим бен Хамд әл-Санимен телефон арқылы сұхбатында сионистік режимнің әл-Ақса мешітінде қорғансыз палестиналық ораза ұстаушыларға қарсы жасаған қылмыстарына тоқталып, ислам елдерінің сионистік режим басқыншылықтарының алдын алуда және Палестинаның жапа шеккен халқын қолдауда үйлесіп-бірлесіп әрекет ету керегін баса айтты.
Катар әмірі шейх Тамим бен Хамд әл-Сани де сионистік режимнің Палестина халқына қарсы басқыншылықтарын қатаң айыптап: "Катардың Палестинаға қатысты тұрақты ұстанымы – осы елдің халқын қолдау және сионистік режимнің басқыншылықтарын айыптау",-деді.