Вашингтон: Қазіргі таңда Сирия Араб лигасына қайтып оралуға лайық емес
АҚШ Мемлекеттік департаменті: "Қазіргі таңда Сирия Араб лигасына қайтып оралуға лайық емес",-деп мәлімдеді.
Iran Press ақпарат агенттігінің "Рай әл-Яум" газетіне сілтеме жасап хабарлауынша, АҚШ Мемлекеттік департаменті басшысының орынбасары Ведант Патель: "Біздің ойымызша, қазіргі таңда Сирия Араб лигасына қайтып оралуға лайық емес. Сирия қайшылығын шешуде шынайы даму болмағандықтан, АҚШ ешқашан Башар Асад үкіметімен қатынас бастамайды",-деді.
Ол: "АҚШ Сирия үкіметімен әріптесіп жатқан аймақтық серіктестеріне Сириямен ынтымақтастық адами жағдайды жақсарту мақсатын көздеуі тиіс деп ескертті",-деді.
Сауд Арабиясының Сыртқы істер министрі Фейсал бен Фархан жуырда Дамаскта Сирия Президенті Башар Асадпен кездесіп, Сирия мен араб әлемі арасындағы қайшылықты шешу жолдары және өзара қарым-қатынасты қалыптандыру туралы пікір алмасты.