Еуразиялық даму банкі Орталық Азиядағы су тапшылығы туралы ескертті
(last modified Wed, 26 Apr 2023 10:07:30 GMT )
Сәу 26, 2023 16:07 Asia/Almaty
  • Еуразиялық даму банкі Орталық Азиядағы су тапшылығы туралы ескертті

Еуразиялық даму банкі Орталық Азияда суды шамадан тыс тұтыну салдарынан болашақта елеулі су тапшылығына тап болатынын ескертті.

Еуразиялық даму банкі «Еуразиялық аймақтың азық-түлік қауіпсіздігі және ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіптік әлеуетін ашу» атты баяндамасында: «Орталық Азия елдеріндегі ең үлкен құрылымдық шектеулер осы аймақ елдерінде су ресурстарының жетіспеушілігі болып табылады»,- деп жазды. Еуразиялық даму банкінің мәліметінше, егер Орталық Азия елдері суды дұрыс пайдалануда ынтымақтаса алмаса, бұл елдер 2050 жылға қарай суаруға қажет судың тапшылығына ұшырауы мүмкін. Орталық Азия елдерінің экономикалық ілгерілеу деңгейі энергия мен судың экономикада, әсіресе ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіпте қалай пайдаланылып жатқанымен тығыз байланысты екенін атап өткен Еуразиялық даму банкінің мамандары бұл елдердің азық-түлік қауіпсіздігін де осымен байланыстырады. Олар Орталық Азия елдерінде су мен энергия қалай басқарылатынын біледі.

Тегтер