Америкадағы үшінші банк банкротқа ұшырады
(last modified Tue, 02 May 2023 10:49:01 GMT )
Maм 02, 2023 16:49 Asia/Almaty
  • Америкадағы үшінші банк банкротқа ұшырады

Америкалық реттеуші органдар акцияларының құны 97 пайызға құлдыраған First Republic Bank-тің жабылғанын және банкті JP Morgan Chase банктік және қаржылық қызмет көрсету компаниясына сату туралы келісімге қол жеткізілгенін хабарлады.

Өткен аптада инвесторлардың жүз миллиард доллар депозитінің есеп шотынан кетуінен кейін бұл банк акциялары 50 пайызға төмендеуіне тап болып, банкроттыққа ұшырады. Бұл банктің сатып алушысы JP Morgan  First Republic Банкінің 173 миллиард доллар несие және 30 миллиард долларға жуық құнды қағаздарын алатынын хабарлады. Бұл соңғы екі  айдағы американдық банктердің үшінші сәтсіздігі. Silicon Valley және Signature банктерінің банкротқа ұшырауынан кейін еуропалық банктер, соның ішінде Германия мен Швейцария да қаржылық дағдарысқа тап болды.

Тегтер