Иран мен Үндістанның ұлттық қауіпсіздік институттары бірлескен мәлімдеме жасады
(last modified Tue, 02 May 2023 10:51:41 GMT )
Maм 02, 2023 16:51 Asia/Almaty
  • Иран мен Үндістанның ұлттық қауіпсіздік институттары бірлескен мәлімдеме жасады

Иранның Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің хатшысы және Үндістанның ұлттық қауіпсіздік кеңесшісі аймақта бейбітшілік, тұрақтылық және қауіпсіздік орнату үшін лаңкестіктің барлық түрімен күресуге баса назар аударды.

Үндістанның ұлттық қауіпсіздік кеңесшісінің Иранға бір күндік сапарының соңында екі елдің ұлттық қауіпсіздік мекемелері Иранның Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің хатшысы Али Шамхани мен Үндістанның ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Аджит Дуал қол қойған ортақ мәлімдеме жасады. Жаһандық, аймақтық және екіжақты оқиғаларға баға бере отырып, екі жақ аймақтық және жаһандық сын-қатерлерге бірлесе қарсы тұру үшін ынтымақтастықты кеңейтуге, көпжақтылықты нығайту үшін әлемдегі жаңа және ықпалды оқиғаларға шолу жасауға баса назар аударды.  

Аймақтық интеграция мақсатында екіжақты, аймақтық және көпжақты форматтағы ынтымақтастықты нығайту Иран мен Үндістанның қауіпсіздік институттарының ортақ мәлімдемесінде айтылған басқа тақырыптардың бірі болып табылады.

Бұл мәлімдемеде көлік аймақтық интеграция мен ұжымдық негізгі элементі ретінде аталып, осыған байланысты Иранның оңтүстік-шығысындағы Чабахар портының жобасы екі тарап арасындағы ынтымақтастықтың символы ретінде қуатталды.

Тегтер