Maм 05, 2023 15:37 Asia/Almaty
  • Раиси палестиналықтардың бұзылған құқықтарын қорғау үшін мұсылмандардың бірлігін қуаттады

ИИР Президенті: «Мұсылмандар Палестинаның бұзылған құқықтары мен қасиетті Құдстың азаттығын қорғау үшін бар мүмкіндіктерін пайдалануы керек»,- деді.

Iran Press мәліметінше,  Ибрахим Раиси  кеше бейсенбі күні бір топ исламдық қарсыласу жетекшілері мен қолбасшылары және Палестина зиялыларымен жеке кездесулерінде Палестина мәселесі мен Құдстың азаттығы бүгінгі таңдағы Ислам әлемінің ең маңызды мәселесі екенін және оны ұмытпау керек екенін қуаттап: «Иран Ислам Республикасы әрқашан Палестина мәселесін сыртқы саясатындағы басымдық ретінде ұстанады. Ислам әлемінің барлық теңдеулері осы тақырып аясында айқындалған деп есептейміз»,- деп мәлімдеді. Раиси бүгін бастама келіссөз үстелінің артында емес, даладағы моджахедтер мен палестиналық жауынгерлердің қолында екеніне тоқталып: «Палестина үшін жалғыз шешім - палестиналықтардың еркіне негізделген үкіметтік басқару, ал егер батыстықтар демократия  тураоы уәжденетін, Палестина халқының дауысын қабылдап, оның нәтижесіне берік болуы керек»,- деді.

Тегтер