Медведев: Брюссельдегі ақымақтар Ресей мен Украина арасындағы шиеленістің ушығуын қалайды
https://parstoday.ir/kz/news/world-i69474-Медведев_Брюссельдегі_ақымақтар_Ресей_мен_Украина_арасындағы_шиеленістің_ушығуын_қалайды
Ресей Қауіпсіздік Кеңесі төрағасының орынбасары АҚШ пен Еуроодақты Кремльге жасалған шабуылда Украинаның сыбайластары деп атады.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Maм 05, 2023 13:09 Asia/Almaty
  • Медведев: Брюссельдегі ақымақтар Ресей мен Украина арасындағы шиеленістің ушығуын қалайды

Ресей Қауіпсіздік Кеңесі төрағасының орынбасары АҚШ пен Еуроодақты Кремльге жасалған шабуылда Украинаның сыбайластары деп атады.

Tel Trader хабарлауынша, Дмитрий Медведев кеше (бейсенбі): "Кремльге украиндық ұшқышсыз шабуыл Ресей мен Украина арасындағы қақтығысты күшейтеді, бұл Вашингтон мен Брюссельдегі көптеген ақымақтардың қалауы!"- деді. Еуроодақ сыртқы саясатының басшысы  Жозеп Борреллдің Кремль сарайына жасалған шабуылдан кейінгі шиеленістің ушығуына жол бермеу туралы өтінішіне тоқталған Медведев: «Боррелл – арсыз кәрі ақымақ. Кремль сарайына ұшқышсыз ұшақтың шабуылы соғысушы тараптар арасындағы кикілжіңнің шиеленісуіне әкелетіні сөзсіз. Бұл лаңкестік әрекетті Киев билігі АҚШ-тың нұсқауымен және Еуропалық Одақ басшылығының мақұлдауымен жүзеге асырды",- деп мәлімдеді.