Зеленский Украинаға еуропалық оқ-дәрілерді жылдам жіберуді сұрады
Украина президенті Владимир Зеленский Еуроодақтан елге артиллериялық оқ-дәрілерді тезірек жеткізуді сұрады.
Жұма күні Еуропалық кеңес Украинаға оқ-дәрі мен қару-жарақ сатып алу үшін 1 миллиард еуро бөлуге келісті. Бұл бюджет бейбітшілік үшін Еуроқордан бөлінеді.
Украина президенті Владимир Зеленский Киевте Еурокомиссия төрағасы Урсула фон Дер Ляйенмен кездесуінде Еуроодақтан Киевке артиллериялық оқ-дәрілерді жеткізу үдерісін тездетуді сұрады. Украина президенті: «Бұл оқ-дәрілерді жеткізу жылдамдығын арттыру керек, өйткені олар бізге дәл қазір ұрыс даласында қажет»,- деді.
Украинадағы соғыс басталғаннан бері (2022 ж. 24 ақпан) АҚШ бастаған Батыс елдері Ресейге қарсы санкциялар мен қысымдарды айтарлықтай арттырды. Бұл әрекетке, әрине, Мәскеу жауабын берді.