Амир Абдуллахиан: Иран мен Мысыр қарым-қатынасында ауқымды ілгерілеушілік болатынына үміттенеміз
Иран Сыртқы істер министрі Теһран-Каир қарым-қатынасын дамытуды қолдап: "Иранның он үшінші үкіметінің сыртқы саясатын ескере отырып, Иран мен Мысыр қарым-қатынасында ауқымды ілгерілеушілік болады",-деп үміт білдірді.
Амир Абдуллахиан Теһран-Каир қарым-қатынасының деңгейі туралы: "Екі елдің мүдделерін қорғайтын кеңселер Теһран мен Каирде жұмыс істеп тұр. Оны елші сатысындағы адам басқарып отыр. Сондықтан Иран мен Мысыр арасында тікелей байланыс орнатуға қажетті ресми желі бар",-деді.
Амир Абдуллахиан: "Әрине кейбір елдер де Иран мен Мысырдың қарым-қатынас деңгейін жоғарылатуға ынтыландыруға күш салып жатыр",-деді.
Амир Абдуллахиан Теһран мен Эр-Рияд қарым-қатынасының қайта басталғаны туралы: "Сауд Арабиясының Сыртқы істер министрлігі өткен аптаның сейсенбі күні Теһрандағы өзінің жаңа елшісін таныстырды. Иран да жуырда өзінің Эр-Риядтағы елшісін таныстырады",-деді.