АҚШ ауруханаларында дәрі-дәрмек тапшылығы байқалады
https://parstoday.ir/kz/news/world-i69776
АҚШ түрлі дәрі-дәрмек пен антибиотик тапшылығына байланысты үлкен әлеуметтік дағдарысқа ұшырап отыр.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Maм 18, 2023 20:28 Asia/Almaty
  • АҚШ ауруханаларында дәрі-дәрмек тапшылығы байқалады

АҚШ түрлі дәрі-дәрмек пен антибиотик тапшылығына байланысты үлкен әлеуметтік дағдарысқа ұшырап отыр.

АҚШ-та бәрінен бұрын Қытай мен Үндістаннан импортталатын дәрілердің тапшылығы байқалады. Дағдарыстың ауырлығы сондай, Ақ үй мен АҚШ Конгресі осыған қатысты шұғыл жиналыс өткізді.

The New York Times газеті: "АҚШ-та обыр ауруына шалдыққан мыңдаған адам дәрі-дәрмек тапшылығымен бетпе-бет келіп отыр. Науқастардың көбі дәрі-дәрмек тапшылығы салдарынан өлім аузында тұр",-деп жазды.

Осы мәлімет бойынша АҚШ ауруханаларынан антибиотик пен балаларға арналған Tylenol сияқты дәрілерді табу қиын.