Аймақтық өзгерістер Амир Абдуллахиан мен Гутерриш арасындағы әңгіменің өзегі болып табылады
Иран Сыртқы істер министрі мен БҰҰ Бас хатшысы аймақтық және халықаралық оқиғаларды талқылап, пікір алмасты.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Хұсейн Амир Абдуллахиан кеше бейсенбі күні Антонио Гутерришпен сұхбатында Бас хатшының бастамасымен өткен БҰҰ-ның жақында Ауғанстанға қатысты Дохадағы отырысын оң бағалап, Ирандағы ауған босқындарының саны бес миллион адамға жеткеніне және иммигранттардың бұл үлкен санын басқару үшін халықаралық қолдау қажеттілігіне тоқталды. Амир Абдуллахиан БҰҰ Бас хатшысының аймақтық диалогтардағы рөлі мен қолдауын жоғары бағалап, Йемендегі соғыс пен қоршаудың аяқталуына үміт білдіріп, ИИР-ның Украинадағы соғысқа қарсылығын қуаттап: «Біз Ресей мен Украина диалог жолына қайта оралып, соғыстың аяқталып, бейбітшілік орнағанын көреміз деп үміттенеміз»,- деді.
БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш де Иранды аймақтағы маңызды ел деп атап, Сауд Арабиясы мен Иран арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың жандануын құптап: «Бұл өзгеріс аймақтағы сындарлы қарым-қатынастарды нығайтудың бастамасы болуы мүмкін»,- деді.