Беларусь көрмесінде Иранның әскери күш-қабілеті көрсетілді
https://parstoday.ir/kz/news/world-i69824-Беларусь_көрмесінде_Иранның_әскери_күш_қабілеті_көрсетілді
Иран Беларусьтың астанасы Минскте өткен 11-ші MILEX-2023 халықаралық әскери құрал-жабдықтар мен қару-жарақтар көрмесіне қатысты.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Maм 21, 2023 17:25 Asia/Almaty

Иран Беларусьтың астанасы Минскте өткен 11-ші MILEX-2023 халықаралық әскери құрал-жабдықтар мен қару-жарақтар көрмесіне қатысты.

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, 11-ші MILEX-2023 халықаралық әскери құрал-жабдықтар мен қару-жарақтар көрмесі 17-20 мамыр аралығында өтті.

Беларусьтың Қорғаныс министрі генерал-лейтенант Виктор Хренин, Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің хатшысы Александр Вольфович, Мемлекеттік әскери өнеркәсіп комитетінің төрағасы Дмитрий Пантус көрмедегі Иранның павильонын тамашалады.

ИИР-ға тиесілі түрлі ұшқышсыз ұшақтар, тікұшақтар, ұшақтар, қару-жарақтар, зымырандар, ауыр және жеңіл әскери көліктер және тағы басқа әскери-қорғаныс техникалары мен жедел жәрдем көліктері Минск әскери көрмесінде жұрт назарына ұсынылды.