Мохбер: Ұлттық валютаны қолдану Иран мен Вьетнам арасында сауда айналымын жеңілдетеді
Иран Вице-Президенті Вьетнамның Қоғамдық қауіпсіздік министрімен кездесуінде: "Ұлттық валютаны қолдану Иран мен Вьетнам арасында сауда айналымын жеңілдетеді",-деді.
Мұхаммед Мохбер дүйсенбі күні Вьетнамның Қоғамдық қауіпсіздік министрімен кездесуінде Иран мен Вьетнамның қарым-қатынасын шынайы әрі жақын деп сипаттап, өзара экономикалық әріптестікті дамыту керегін айтып: "Екі елдің сауда қатынасын кеңейту Теһран-Ханой саяси байланысын тереңдетіп, беріктендіре алады",-деді.
Иран Вице-Президенті: "Ұлттық валютаны қолдану және банкаралық әріптестікті дамыту сауда айналымын нығайтатын маңызды фактор ретінде екі ел арасында ауқымды экономикалық байланыстың орнауына жағдай жасайды",-деді.
Вьетнамның Қоғамдық қауіпсіздік министрі де осы кездесуде өзара қарым-қатынастың 50 жылдығымен құттықтап: "Екі ел осы жылдар барысында жақсы қарым-қатынаста болды. Ханой Теһранмен байланысты тереңдетіп, кеңейтуді қалайды",-деді.