Иран СІМ G7 тобының негізсіз айыптарына реакция білдірді
(last modified Mon, 22 May 2023 14:55:27 GMT )
Maм 22, 2023 20:55 Asia/Almaty
  • Иран СІМ G7 тобының негізсіз айыптарына реакция білдірді

ИИР СІМ-нің баспасөз хатшысы G7 тобына мүше елдер саммитының қорытынды мәлімдемесінің бір бөлігінде Иранға тағылған негізсіз айыптарды қатаң айыптады.

Насер Канани Иранның бейбіт ядролық бағдарламасына қарсы негізсіз айыптарды қабылдамай: "Иранның ядролық бағдарламасы бейбіт мақсаттарға бағытталған. ИИР-дың қорғаныс доктринасында ядролық қаруға орын жоқ",-деді.   

Канани G7 тобы басшыларының бүкіл елдерді БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің №2231 қарарының орындалуын қолдауға шақыруын өте оғаш әрі осы елдердің кереғар саясат ұстанатынының белгісі деп атады. Өйткені олардың өзі аталмыш қарарды бұзып, Иран халқына қарсы максималды заңсыз санкциялар салып отыр.

ИИР СІМ-нің баспасөз хатшысы "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын қолдан жасалған алаңдаушылықты жою үшін Иранның білдірген таза ниеті және көпжақты дипломатияның маңызды жетістігі деп атады. Өкінішке қарай, АҚШ келісімнен заңсыз шығып, еуропалық тараптар бұған тиісті шара қолданбағандықтан келісімге ауыр зиян тиді.   

Насер Канани Иран мен АҚХА арасында келісімдерді орындауда қанағаттанарлықтай ілгерілеу байқалғанын айтып: "ИИР әрдайым өзінің халықаралық  міндеттемелеріне берік. NPT хаттамасы және қауіпсіздік келісімі аясында АҚХА-мен сындарлы әрекеттестікті жалғастыруға дайын",-деді.

 

Тегтер