Грекия мен Мажарстан Еуроодақтың Ресейге қарсы жаңа санкциялар салуына қарсы шықты
(last modified Sun, 28 May 2023 16:23:38 GMT )
Maм 28, 2023 22:23 Asia/Almaty
  • Грекия мен Мажарстан Еуроодақтың Ресейге қарсы жаңа санкциялар салуына қарсы шықты

Грекия мен Мажарстан Еуроодақтың Украина соғысын сылтауратып Ресейге қарсы жаңа санкциялар салуына қарсы шықты.

Еуроодақ Украина соғысын сылтауратып, Ресейге қарсы он бірінші санкциялар пакетін бекіту арқылы Мәскеудің санкцияларды айналып өтуіне кедергі жасауды көздеп отыр. Бірақ Грекия мен Мажарстан бұған қарсы шықты.

Еуроодақтың Ресейге қарсы жаңа санкциялары Грекия мен Мажарстанның қарсылығы салдарынан белгісіз жағдайда қалды.

Еуроодақ дипломаттарының айтуынша, Грекия мен Мажарстан санкциялар пакетін саяси тетік ретінде қолданып отыр. Осы екі елдің компаниялары Украина дайындаған тізімнен шығарылмайынша жаңа санкциялар пакетіне келісім берілмейді.  

Тегтер