Түркияда өткен президенттік сайлауда жеңіліс тапқан оппозиционер үміткер мәлімдеме жасады
(last modified Mon, 29 May 2023 16:12:07 GMT )
Maм 29, 2023 22:12 Asia/Almaty
  • Түркияда өткен президенттік сайлауда жеңіліс тапқан оппозиционер үміткер мәлімдеме жасады

Кемал Кылычдароғлы Түркияда президенттік сайлаудың екінші кезеңінің бейресми нәтижесі жарияланғаннан кейінгі алғашқы мәлімдемесінде сайлаудың әділетсіз өткенін айтты.

Anadolu ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Кылычдароғлы үміткерлер арасындағы сайлауалды бәсекелесін теңсіз әрі әділетсіз деп атап, өз жақтастарын "Күрес жалғасып жатыр" деп сендірді.  

"Мелләт" альянсының оппозиционер үміткері баспасөз отырысында жеңген және жеңілген тараптар жайлы сөз қозғамай, тек жақтастарына алғыс айтумен шектелді.

"Мелләт" альянсының үміткері: "Маған дауыс берген 25 млн азаматтан ерік-жігерлерін сақтауды сұраймын. Біздің жолымыз жалғасады. Біз осындамыз",-деді.

Кылычдароғлы өз жақтастарына: "Өздеріңіз үшін, балаларыңыз бен ата-аналарыңыз үшін, шаруалар, кәсіпкерлер мен зейнеткерлер үшін осы демократиялық күресті жалғастырыңыздар",-деді.

Тегтер