Сионистік режим басшысы Әлиевпен кездесу қарсаңында Иранға қарсы сөйледі
(last modified Tue, 30 May 2023 10:42:07 GMT )
Maм 30, 2023 16:42 Asia/Almaty
  • Сионистік режим басшысы Әлиевпен кездесу қарсаңында Иранға қарсы сөйледі

Сионистік режимнің басшысы Әзірбайжанға екікүндік ресми сапары және Илхам Әлиевпен кездесуі қарсаңында Тель-Авив пен Баку арасындағы ынтымақтастықты нығайту үшін көптеген салалар бар екенін жариялады.

Исаак Херцог сионистік режим мен Әзірбайжан арасындағы жақсы қарым-қатынастарға ризалығын білдіре отырып, бұл елді: «Достық ел, (сионистік режиммен) ынтымақтастықтың көптеген салаларына ие негізгі ел» деп сипаттады. Сионистік режимнің басшысы сөзін жалғастырып: «Әзербайжан   осы аймақта тұрақсыздық тудыратын күш болып табылатын және Израильдің аймақтағы бейбітшілік пен қауіпсіздік одақтары мен одақтарын әлсіретуді көздейтін Иранмен көршілес ел»,- деді. Тель-Авивтің жоғары лауазымды қызметкері Бакудің ұстанымдарын жоғары бағалап: «Әзірбайжан биыл Тель-Авивте елшілігін ашқан шиіт мұсылман елі және бұл режим осы елмен ынтымақтастықты жалғастырып, қарым-қатынасын нығайтуға тырысады»,- деп айтты.

Херцог Әзірбайжанға   екі күндік сапары барысында бұл елдің президенті Илхам Әлиевпен кездеседі және сонымен бірге «Израиль тәуелсіздігінің (сионистік режимнің негізі қаланған) 75 жылдығына» арнайы рәсімге қатысады.

Тегтер