67 шетелдік компания Ресейден Қазақстанға көшті
Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары: "Ресейден кеткен 401 компанияға өз өндірісін Астанаға көшіруге ұсыныс жасадық. 67 компания оң жауап берді",-деді.
Fars ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Алмас Айдаров: "Қазақстан елшілерінің осы компаниялардың басшыларымен кездесулері жалғасып жатыр",-деді.
Алмас Айдаров: "Бүгінге дейін бізге оң жауап берген 67 компаниямен жұмыс басталып кетті. 25 компанияны көшіруге қатысты жұмыстар аяқталды",-деді.
Ресей күштері Украинаға басып кіргеннен кейін Ресей федерациясының территориясында жұмыс істейтін компаниялардың көбі өз өндірісін басқа елдерге ауыстыруды көздеп отыр. Өткен 11 айда Ресейдің мамандары мен кәсіпкерлерінің көбі ТМД елдері мен басқа да тәуелсіз елдерге көшіп кетті.