Нуман Куртулмуш Түркия Парламентінің төрағасы болып сайланды
(last modified Thu, 08 Jun 2023 13:38:56 GMT )
Маусым 08, 2023 19:38 Asia/Almaty
  • Нуман Куртулмуш Түркия Парламентінің төрағасы болып сайланды

Түркияның "Әділет және даму" партиясында ел Президенті Режеп Тайып Ердоғанның орынбасары болған Нуман Куртулмуш Стамбұл қаласының атынан Түркия Парламентіне депутат болды. Кеше, сейсенбі ашық жиналыста ол Түркия Парламентінің төрағасы болып сайланды.

64 жастағы Нуман Куртулмуш осыған дейін Түркия Премьер-министрінің орынбасары, Мәдениет және туризм министрі лауазымдарында қызмет атқарған. Соңғы бірнеше жылда "Әділет және даму" партиясында Ердоғанның орынбасары болған.  

Кеше Түркия Парламентінің ашық жиналысында Ердоған үкіметінің жаңа 17 министрі мен Вице-Президенті ант берді.

 

Тегтер