Сауд Арабиясы АҚШ-тың Қытай мен Ресейден алшақтау өтінішін қабылдамады
(last modified Fri, 09 Jun 2023 15:07:53 GMT )
Маусым 09, 2023 21:07 Asia/Almaty
  • Сауд Арабиясы АҚШ-тың Қытай мен Ресейден алшақтау өтінішін қабылдамады

АҚШ ақпарат құралының хабарлауы бойынша,  Сауд Арабиясы мен Парсы шығанағындағы басқа елдердің Джо Байден үкіметінің Қытай мен Ресейден алшақтау өтінішін қабылдамады.

Америкалық газеттің бірі АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкеннің Сауд Арабиясына сапары туралы хабары Джо Байден үкіметінің араб елдерінен Қытай мен Ресейден алшақтауын талап ету өтінішіне бұл елдердің теріс жауап бергенін көрсетеді.  

«Нью-Йорк Таймс» газеті: «Энтони Блинкеннің сапары - АҚШ-тың қазіргі үкіметінің өткен күзде Джо Байденнің  Мұхаммед бен Салманға және оның үкіметіне білдірген дұшпандық сезімін ысырып тастауға жасаған ең айқын әрекеті»,- деп жазды.

Ақ үй  Эр-Риядпен мұнай өндіруді ұлғайту туралы келісімге келді деп ойлаған жағдайда, Сауд Арабиясының билігі бұл өнімнің өндірісін қысқартуға шешім қабылдағаннан кейін Сауд Арабиясы мен АҚШ қарым-қатынасындағы шиеленіс шарықтау шегіне жетті.

Тегтер