Дүниежүзілік банк: Иран экономикасы АҚШ экономикасынан 5 есе өсті
(last modified Sat, 10 Jun 2023 09:03:30 GMT )
Маусым 10, 2023 15:03 Asia/Almaty
  • Дүниежүзілік банк: Иран экономикасы АҚШ экономикасынан 5 есе өсті

Дүниежүзілік банк өткен жылдың күзіндегі (2022 жылдың төртінші тоқсаны) 72 елдің экономикалық өсіміне шолу жасап, Иран экономикасының АҚШ-тан 5 есе өскенін жариялады.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Дүниежүзілік банк «Әлемдік экономикалық болжам» деп аталатын жаңа есебінің бір бөлігінде 2022 жылдың төртінші тоқсанындағы 72 елдің экономикалық өсіміне қатысты статистикалық мәліметтерді жариялады.

Бұл банк өткен жылдың күзінде Иран экономикасының 4,7 пайыздық өсімін жариялады, бұл басқа елдермен салыстырғанда айтарлықтай көрсеткіш.

Шын мәнінде, экономикалық өсім бойынша Иран өткен жылдың күзінде әлемнің 72 экономикасы арасында әлемде 15-ші орынға ие болды, яғни бұл кезеңде тек 14 елдің экономикалық өсімі Ираннан жоғары болды.