Венесуэлаға 200 мың ирандық автокөлік экспортталады
Saipa көлік жасау компаниясының бас директоры: "Иран мен Венесуэла арасында 200 мың ирандық автокөлік жасау және экспорттау жөнінде меморандумға қол қойылды",-деді.
Иранның жоғары мәртебелі саяси-экономикалық делегациясының құрамында Латын Америкасына сапар шеккен Мұхаммедәли Теймури: "Иран Президентінің Венесуэлаға екікүндік сапары барысында осы елдің үкіметімен 5 жылға 200 мың ирандық автокөлік жасау және экспорттау жөнінде меморандумға қол қойылды. Сондай-ақ қос тарап әріптестіктің жаңа кезеңінде ирандық тараптың басқаруымен "Венирато" көлік жасау зауытын қайта іске қосуға келісті",-деді.
Saipa көлік жасау компаниясының бас директоры: "Алдағы бірнеше айда осы компанияның 2 мың көлігі Венесуэлаға экспортталады. Осы елдің басты қалаларында Saipa-ның сатылымнан кейін қызмет көрсету орталықтарының желісі ашылады",-деді.