Ұлыбритания армиясында әйелдерге жыныстық зорлық-зомбылық көрсетілген
The Daily Telegraph газетінің хабарлауынша, Ұлыбритания армиясындағы жүздеген әйел қатарлас әскери қызметкерлерден жыныстық зорлық-зомбылық көргенін айтқаннан кейін оларға тұлғалық ауытқушылыққа ұшыраған деген айып тағылды.
Ұлыбритания Парламентінің қорғаныс комитеті ел армиясында қызмет етіп жатқан әйелдерге жыныстық зорлық-зомбылық көрсетілгенін хабарлады. Осы қылмыстардың беті ашылғаннан кейін бұл әйелдер қызметтен босатылған.
Ұлыбритания армиясындағы бірқатар әйел жыныстық зорлыққа ұшырағанын, артынан оларды армиядан кетуге мәжбүрлегенін айтты. Ал қылмыскерлер әлі өз лауазымдарында қызмет етіп жатыр.
Мәліметтер бойынша, Ұлыбритания армиясында қызмет етіп жатқан әйелдердің шамамен үштен екісі жыныстық алымсақтық, зорлық немесе кемсітушілікке ұшыраған.