Албания лаңкестік сектаны өз жерінде қабылдаған қателігін өтеуі тиіс
(last modified Wed, 21 Jun 2023 14:12:28 GMT )
Маусым 21, 2023 20:12 Asia/Almaty
  • Албания лаңкестік сектаны өз жерінде қабылдаған қателігін өтеуі тиіс

ИИР СІМ-нің баспасөз хатшысы Мұнафықтардың Албанияда жасаған қылмыстық және лаңкестік әрекеттері туралы: "Албания үкіметі осы лаңкестік сектаны өз жерінде қабылдаған қателігін өтейді",-деп үміт білдірді.

Канани Албанияда орын алған оқиғаларға тоқталып, осы ел полициясының кеше Лаңкестікпен күрес жоғары сотының үкімімен "Ашраф" базасына кіріп, тексеріс жүргізгенін айтып: "Мұнафықтар лаңкестік болмысқа ие болғандықтан әрдайым өздерін қабылдап отырған елдің қауіпсіздігіне қатер төндіреді. Сол себепті Ирак үкіметі оларды шығарып жіберді. Басқа мемлекеттер де оларды қабылдаудан бас тартты",-деді.   

ИИР СІМ-нің баспасөз хатшысы: "Ашраф" базасына тексеріс жүргізудің себебі – Мұнафықтардың Албанияда жасаған қылмыстық және лаңкестік әрекеттері",-деді.

Албания полициясы бұл базадан электронды жүйелер мен ұшқышсыз ұшақтарды анықтап, тәркіледі. Мұнафықтар лаңкестік әрекеттерді осы жабдықтардың көмегімен бақылап-басқарып отырған.

Албания басшылары: "Мұнафықтар лаңкестік және кибер шабуылдар жасау арқылы осы елмен 2014 жылы жасаған келісімді бұзды",-деді.  

Тегтер