Путин: Тәртіпсіздікті ұйымдастырушылар сотталады
«Вагнер» тобының 24 сағаттық көтерілісінен кейін Ресей Президенті Владимир Путин: «Көтерілісшілер өз еліне опасыздық жасады, көтерілісті ұйымдастырушылар сотталады»,- деп мәлімдеді.
Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Ресей Президенті дүйсенбі күні кешкі телесұхбатта осы елдің халқына бірлік, отаншылдық және табандылық үшін алғыс айтып: «Кез келген бопсалау мен бүлік сәтсіздікке ұшырайды»,- деді. Путин «Вагнер» басшыларының Ресей күштерін бір-біріне қарсы қойып, бірін-бірі өлтіруді жоспарлағанына назар аудартып: «Менің тікелей бұйрығыммен қантөгістін алдын алу шешімдер қабылданды»,- деп айтты. Ол Киев басшыларының осы мәселеден кейін ресейлік күштердің бір-бірін өлтіруін күткеніне тоқталып: «Бірақ Вагнер күштерінің басым көпшілігі патриоттық және өз Отанын жақсы көреді және бұл әрекетте оларға қиянат жасалды»,- деді. Беларусь Президенті Александр Лукашенкоға осы дағдарысты шешудегі көмегі мен рөлі үшін алғыс айта отырып, Путин «Вагнер» әскерлерін елге оралу немесе Беларуське бару үшін Қорғаныс министрлігімен келісімшартқа отыруға шақырды.