Канани: Сионистердің сұрқия істері батыстық демеушілерді ұялтуы керек
ИИР СІМ-нің баспасөз хатшысы: "Бала өлтіргіш сионистік режимнің сұрқия істері оның батыстық демеушілерін ұялтуы керек",-деді.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Насер Канани виртуалды кеңістікте: "160 баланы түрмеге қамаған, 600 баспанасыз бала мен 600 палестиналық науқас, соның ішінде 30 мүгедекті үйқамақта ұстаған режим БҰҰ-ның ұят тізіміне тіркелуге лайықты. Бірақ тізімге ілікпегені таңқалдырды. Бұл режим биылғы жылдың алғашқы 6 айында ұялмай 26 бейкүнә палестиналық баланы өлтірді",-деп жазды.
Насер Канани: "Сионистердің сұрқия істері осы апартеид режимді қолдайтын батыстық демеушілерді ұялтуы керек",-деді.
Айта кету керек, БҰҰ жуырда "Ұят тізімі" деп аталатын жылдық есеп жариялады. Онда қарулы қақтығыстарда балалардың құқығын бұзғандардың есімдері тіркелген.