Канани: Сионистердің сұрқия істері батыстық демеушілерді ұялтуы керек
(last modified Tue, 27 Jun 2023 17:31:43 GMT )
Маусым 27, 2023 23:31 Asia/Almaty
  • Канани: Сионистердің сұрқия істері батыстық демеушілерді ұялтуы керек

ИИР СІМ-нің баспасөз хатшысы: "Бала өлтіргіш сионистік режимнің сұрқия істері оның батыстық демеушілерін ұялтуы керек",-деді.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Насер Канани виртуалды кеңістікте: "160 баланы түрмеге қамаған, 600 баспанасыз бала мен 600 палестиналық науқас, соның ішінде 30 мүгедекті үйқамақта ұстаған режим БҰҰ-ның ұят тізіміне тіркелуге лайықты. Бірақ тізімге ілікпегені таңқалдырды. Бұл режим биылғы жылдың алғашқы 6 айында ұялмай 26 бейкүнә палестиналық баланы өлтірді",-деп жазды.

Насер Канани: "Сионистердің сұрқия істері осы апартеид режимді қолдайтын батыстық демеушілерді ұялтуы керек",-деді.

Айта кету керек, БҰҰ жуырда "Ұят тізімі" деп аталатын жылдық есеп жариялады. Онда қарулы қақтығыстарда балалардың құқығын бұзғандардың есімдері тіркелген.

Тегтер