Иран мен Сауд Арабиясы мұнай саласында әріптесе бастады
https://parstoday.ir/kz/news/world-i70714
Иран ұлттық мұнай компаниясының директоры Теһран мен Эр-Рияд арасында мұнай саласында әріптестік басталғанын хабарлады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Маусым 28, 2023 21:53 Asia/Almaty
  • Иран мен Сауд Арабиясы мұнай саласында әріптесе бастады

Иран ұлттық мұнай компаниясының директоры Теһран мен Эр-Рияд арасында мұнай саласында әріптестік басталғанын хабарлады.

Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Мохсен Ходжастемехр: "Иран мен Сауд Арабиясы арасында қарым-қатынас қайта жанданғаннан кейін екіжақты әріптестікке қатысты бастапқы жұмыстар басталды, барлық салаларда өндірісті арттыру және өндіріс қуатын сақтау үшін тиісті бұйрықтар берілді",-деді.   

Мохсен Ходжастемехр жуырда Иран мен Сауд Арабиясына ортақ "Фурузан" мұнай кенішінде өндірістің артқаны туралы оң хабар келетінін айтып: "Сондай-ақ "Фарзад"(В) газ кенішінде кешен салу келісімшартына қол қойылды. Қазіргі таңда бұл құрылысты "Петропарс" компаниясы жүргізіп жатыр",-деді.

Иран ұлттық мұнай компаниясының директоры Иран мен Сауд Арабиясы арасында мәселесі шешілмеген ортақ кеніштер жоқ екенін айтып: "Ораш" ортақ мұнай кенішінде бұрғылау жұмыстарын бастауға толық дайынбыз",-деді.