Беларусь Президенті: Біз Ресейдің ядролық қаруларының көп бөлігін алдық
Маусым 29, 2023 00:08 Asia/Almaty
Беларусь Президенті сейсенбі күні: "Беларусь жерінде орналастырылатын Ресейдің ядролық қаруларының көп бөлігі бізге тапсырылды",-деді.
ТАСС ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Александр Лукашенко: "Ядролық қарулардың көп бөлігі Беларуське жеткізілді. Қарудың санын айтқым келмейді. Батыс елдерінің бұл қаруларды анықтай алмағаны таң қалдырады",-деді.
Лукашенко: "Ресей әскерилері Беларусьте орналастырылған қаруларды күзетеді. Өйткені біздің армияда мұндай тәжірибе жоқ. Мен өзім осы қарулардың аман сақталуына жауап беремін",-деді.
Лукашенко: "Польшалықтар мен басқалар "Вагнер" тобы осы ядролық қаруларды күзетеді деп ойлайды. Бірақ бұл топтың күзетке еш қатысы жоқ",-деді.
Тегтер