Франциядағы наразылықтарда қан төгілді
Франциядағы наразылықтар төртінші күнге аяқ басты. Наразылық бүлік пен азаматтық соғысқа айналып, қан төгіле бастады.
БАҚ-тың хабарлауынша, Сен-Мартен қаласында 21 жастағы бір адам, Гийон ауданында 50 жастағы бір ер адам қаза тапты. Біріншісі төбеден құлаған, екіншісінің жүрегіне оқ тиген.
Франция Президенті Эммануэль Макрон Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің екінші төтенше отырысында соңғы наразылықтарда ата-аналардың өз балаларын бақылауда ұстауға жауапты екенін еске салып, әлеуметтік желілердің қатыгездік пен бүлікті таратуда теріс рөл ойнап жатқанын мойындады.
Франция Президентінің мәлімдемесінен кейін әлеуметтік желілер, әсіресе Твиттер ел бойынша шектелді немесе бұғатталды.
Францияда 45 мың полиция қызметкері наразыларды басып-жаншып жатыр. Алғаш рет көшеге сауытты көліктер шығарылды.
Өткен бірнеше сағатта Париж бен 17 жастағы бала полиция оғынан қаза тапқан Нантер ауданымен қоса, Марсель, Страсбург, Бордо, Нант, Тулуза мен Лилль қалаларында қақтығыстар болып, дүкендер тоналды.
Франция Ішкі істер министрлігінің айтуынша, сенбі күні сағат түнгі бірге дейін 470-тен аса адам ұсталып, түрмеге қамалды.