Канадада әлі орман өртеніп жатыр
https://parstoday.ir/kz/news/world-i70788-Канадада_әлі_орман_өртеніп_жатыр
Bloomberg телеарнасы Канада орманындағы алапат өрт әлі өршіп тұрғанын хабарлады.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Шіл 01, 2023 18:55 Asia/Almaty
  • Канадада әлі орман өртеніп жатыр

Bloomberg телеарнасы Канада орманындағы алапат өрт әлі өршіп тұрғанын хабарлады.

Канадада орман өртімен күресу орталығының хабарлауынша, елдің түкпір-түкпірінде 497 өрт ошағы тіркелген, олардың 229-ы бақылауға алынған.

Биыл Канадада 3053 рет өрт болып, 31274 шаршы метр аудан, Оңтүстік Каролина штатындай жер өртеніп кетті.  

Түтін оңтүстікке қарай қозғалып, АҚШ-тың орта батыс және шығыс өңірлерін, соның ішінде Нью-Йорк, Чикаго мен Вашингтон қалаларын басып қалды. Бұл адамдардың денсаулығына қатер төндіріп, тасымал жүйесін бұзды.