АҚШ Украинаға кассеталық оқ-дәрілер жіберуді ойлап отыр
(last modified Mon, 03 Jul 2023 12:21:14 GMT )
Шіл 03, 2023 18:21 Asia/Almaty
  • АҚШ Украинаға кассеталық оқ-дәрілер жіберуді ойлап отыр

АҚШ армиясының бас штабының басшысы Марк Милли Вашингтонның Украинаға кассеталық оқ-дәрілер жіберу мүмкіндігін қарастырып жатқанын айтты.

 

Ол Украинаның мұндай оқ-дәрілерді басқа одақтастарынан алғанын баса айтты. Милли; "Украинаның қарсы шабуылы күтілгеннен әлдеқайда баяу және өте қиын және ұзақ болады",- деп жалғастырды.

АҚШ армиясының бас штабының басшысы Марк Милли: «Біздің саяси шенеуніктер Украинаға бостандығы мен тәуелсіздігін сақтау үшін қажет көмекті алуға көмектесіп жатқанымызды баса айтты. Украинаға кассеталық оқ-дәрілер жіберу мәселесі талқыланып жатыр, бірақ әлі шешім қабылданған жоқ,- деп мәлімдеді. Марк Миллидің айтуынша, қазір соғыс тоқтамайды және украиналық қарсы шабуыл ұзақ, ауыр және қанды болады. Бұл мәселе Вашингтон мен Батыс елдерінің Украинаның әскери жетістіктерге жете алмағанына қарамастан оны қолдаудағы табандылығын көрсетеді.

 

Тегтер