Раиси: Иран мен Кенияның ынтымақтастық үшін көптеген мүмкіндіктері бар
(last modified Wed, 12 Jul 2023 11:36:24 GMT )
Шіл 12, 2023 17:36 Asia/Almaty
  • Раиси: Иран мен Кенияның ынтымақтастық үшін көптеген мүмкіндіктері бар

ИИР Президенті Иран мен Кенияның ынтымақтастық үшін көптеген мүмкіндіктері бар екеніне тоқталып, екі ел арасындағы экономикалық қарым-қатынас көлемін қазіргі деңгейден 10 есеге арттыруды мақсат етіп отырғанын айтты.

 

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Ибрахим Раиси Кения Президенті Уильям Рутомен бірлескен баспасөз мәслихатында: «Иран Африка құрлығының барлық үкіметтерінің қолын қатты қысып жатыр және бұл қарым-қатынастар Иран мен Кения екі ел арасындағы күн сайын дами алады»,- деді.

Раиси Иран мен Кенияның әртүрлі салалардағы ынтымақтастықтарын кеңейтуді қуаттап: «Ислам революциясы мен Ислам революциясы жетекшісінің нұсқауларының арқасында Иран санкциялар мен қоқан-лоққыларға төтеп бере алды және әртүрлі ғылыми, технологиялық және экономикалық салалардағы алға ілгерлей алды»,- деп мәлімдеді.

Уильям Самои Руто да осы баспасөз мәслихатында Иран мен Кения арасындағы келісімдердің бір бөлігіне тоқталып: «Иран  Кенияда көлік құрастыру зауытын құруы туралы келісімге келді және Кенияда суахили атаулары бар ирандық көліктерді шығарады»,- деді.

 

Тегтер