Лавров: Біз Украинаның F-16 сатып алуын ядролық қауіп деп санаймыз
Ресей Сыртқы істер министрі өз елінің англосаксондардан айырмашылығы әрқашан бейбітшілікке ұмтылғанын айтып: «Украинаның F-16 жойғыш ұшағы сияқты әскери қабілеттерге ие болуын Батыстан келетін ядролық қауіп деп санаймыз»,- деді.
Ресей Сыртқы істер министрі «АҚШ НАТО-ны Азия-Тынық мұхиты аймағына жақындатуға тырысуда»,- деп айтты. Сергей Лавров: «Батыс елдерінің бізге шектеу қойғанына қарамастан, мұқтаж елдерді азық-түлікпен қамтамасыз етуге дайынбыз. Астық экспорты туралы келісімге қатысты жаңа жоспарлар естіген жоқпын",- деді.
Лавров өткен жылғы бейбіт келіссөздерді еске салып, Ресейдің Украинамен бейбіт келіссөздерге табанды және белсенді түрде қатысқанын, бірақ англосаксондар бейбіт келіссөздерді тоқтатып, соғысты жалғастыруға тырысқанын айтты. Ол: " Батыс келіссөздерді тоқтату арқылы Ресейді жеңуді армандайды",- деді.