Швеция полициясы Таурат пен Библияны өртеу туралы өтінішке келісті
(last modified Sat, 15 Jul 2023 11:47:48 GMT )
Шіл 15, 2023 17:47 Asia/Almaty
  • Швеция полициясы Таурат пен Библияны өртеу туралы өтінішке келісті

Швеция полициясы сионистік елшілік алдында Тәурат пен Інжілді өртеу шеруін өткізу туралы өтінішке келісті.

 

Швеция ақпарат құралдары швед полициясының еврейлер мен христиандардың қасиетті кітаптарын өртеуге рұқсат беру өтінішіне келіскенін және митинг осы сенбіде Стокгольмдегі Израиль елшілігінің алдында өтетінін хабарлады. Алдыңғы хабарларда бұл өтінішті 30 жастағы ер адам жасағаны айтылған. Бұл ердің айтуынша, «мұндай митинг Стокгольм мешітінің алдында Құранның өртелуіне жауап болып табылады, сонымен қатар бұл  сөз бостандығын қолдау символдық митингі».

Айта кетейік, бұған дейін Швеция полициясы рұқсат берген Құранды өртеу   бүкіл әлем мұсылмандарының қатты реакциясын тудырған болатын.

 

 

Тегтер