Иранның тәркіленген 800 мың баррель мұнайы Американың  қолында қалды
(last modified Wed, 19 Jul 2023 11:21:16 GMT )
Шіл 19, 2023 17:21 Asia/Almaty
  •  Иранның тәркіленген 800 мың баррель мұнайы Американың  қолында қалды

Американдық газет Вашингтонның танкермен тәркіленген 800 мың баррель ирандық мұнайды босата алмай отырғанын хабарлады.

 

Америкалық Wall Street Journal газеті бұл оқиғамен таныс шенеуніктерге сілтеме жасап: «Аталған мұнай Техас жағалауында орналасқан грек танкерінде, бірақ америкалық компаниялар Иранның жауап қайтару әрекетінен қорқып, оны  босатқысы келмейді»,- деп жазды. Бірнеше ай бұрын америкалық прокурорлар бұл мұнай танкерінің грек иесін АҚШ-тың Иранға қарсы санкцияларын бұзды деп айыптап, оны тәркілеп, Техас штатындағы Галвестон жағалауына бағыттаған.

Американың жағалау күзеті «Суэц Раджан» деп аталатын бұл мұнай танкерінің жүктерін түсіруге рұқсат берді, бірақ мұндай тасымалдауды жүзеге асыратын компаниялар Иранның жауап қайтару әрекетінен қорқып, осы тәркіленген мұнайға қатысты жұмыстарды орындауға құлықсыз.