Иран Сирияның Баб әл-Хави өткелін пайдалануға шешім қабылдағанын құптады
(last modified Thu, 20 Jul 2023 15:59:21 GMT )
Шіл 20, 2023 21:59 Asia/Almaty
  • Иран Сирияның Баб әл-Хави өткелін пайдалануға шешім қабылдағанын құптады

Иран Ислам Республикасының елшісі мен өкілі Сирия үкіметінің елдің солтүстік-батысына гуманитарлық көмек жіберу үшін БҰҰ-ға Баб әл-Хави шекара өткелін пайдалануға алты ай мерзімге рұқсат беру туралы «мемлекеттік шешімін» құптады.

Өткен жұмада Сирия Түркия шекарасындағы Баб әл-Хави өткелін тағы 6 айға ашу туралы келісімін жариялады.

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Амир Саид Иравани сәрсенбі күнгі отырыста БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің Сириядағы трансаймақтық механизм туралы қарарға қатысты келісімге келе алмағанына өкініш білдіріп: "Бұған қарамастан Иран Сирияның Баб әл-Хави өткелін пайдалануға шешім қабылдағанын құптады",-деді.  

Амир Саид Иравани саяси кикілжіңдердің мұқтаж жандарға гуманитарлық көмек жіберуге тосқауыл болмауы керегін айтып: "Иран саяси мақсат пен ешбір алғышартсыз, ешқандай кемсітушіліксіз бейтарап негізде гуманитарлық көмек жіберуді қолдайды",-деді.

Тегтер