Одесса қаласында Қытайдың бас консулдығына зымыран атылды
(last modified Fri, 21 Jul 2023 16:28:53 GMT )
Шіл 21, 2023 22:28 Asia/Almaty
  • Одесса қаласында Қытайдың бас консулдығына зымыран атылды

Астық келісімі аяқталғаннан бірнеше күн өткеннен кейін ақпарат құралдары Одесса айлағында бірнеше жарылыстың дыбысы естілгенін, осы қаладағы Қытай бас консулдығының ғимаратына зиян тигізілгенін хабарлады.

Жарылыстардың неден болғаны мәлім емес. Бірақ Одесса қаласында Қытайдың бас консулдығына жақын маңға зымыран құлағаны жайлы ақпараттар тарады. 

Ресей СІМ: «Мәскеу Ресейдің арнайы әскери амалдары және Одессадағы Қытай бас консулдығы маңындағы жағдай туралы Қытай тарапына тиісті түсініктеме берді. Осы оқиғаға байланысты Қытаймен байланыс желілері жақсы жұмыс істеп тұр»,-деді. 

Шабуылдардың ықтималды шығындары жайлы ақпарат жоқ. Қытай да бұған қатысты ешқандай реакция білдірмеді.

Тегтер