Украина дрондарының Мәскеуге шабуылы залалсыздандырылды
Ресей Қорғаныс министрлігі өз мәлімдемесінде: "Дүйсенбі күні таңертең екі украин дроны электронды әскери құралдардың көмегімен құлатылды",-деп хабарлады.
"Спутник" телеарнасының хабарлауынша, дрондар шабуылынада адам және айтарлықтай материалдық шығын болған жоқ.
Мәскеу әкімі Сергей Сабянин: "Жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 04:00-ке таман екі кеңсе ғимаратына дрондар шабуыл жасады",-деп хабарлады.
Ақпарат құралдарының Мәскеудің тасымал басқармасына сілтеме жасап хабарлауынша, қаланың кейбір аудандарының тұрғындары жарылыстың дыбысын естіген. Жойылған дронның қалдықтары түскен Комсомольский даңғылында көлік қатынасына тыйым салынды.
Бұл даңғыл Ресей Қорғаныс министрлігінің ғимараттарына жақын орналасқан.