БҰҰ Бас Ассамблеясы қасиетті кітаптарға құрметсіздік білдіруді айыптайтын қарар бекітті
БҰҰ Бас Ассамблеясы сейсенбі күні қасиетті кітаптарға қарсы кез келген зорлық-зомбылық пен оларға құрметсіздік білдіруді халықаралық құқықты бұзу ретінде айыптайтын қарар қабылдады.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, БҰҰ Бас ассамблеясы бекіткен қарар адамдардың дініне немесе сеніміне негізделген зорлық-зомбылық әрекеттерін, сондай-ақ діни нышандарға, кітаптарға, үйлерге, кәсіпорындарға, мүліктерге, мектептерге, мәдени орталықтарға немесе ғибадат ету орындарына қарсы әрекеттерді қатаң айыптайды, сондай-ақ діни, ғибадат орындары мен діни қасиетті орындарға жасалған кез келген шабуылды айыптап, мұндай әрекеттерді халықаралық заңдарды бұзу деп жариялады.
БҰҰ Адам құқықтары кеңесі де (12 шілдеде) Батыс елдерінің қарсылығына қарамастан ислам елдері ұсынған қарарды мақұлдап, Құранға құрметсіздік білдіруді айыптап, Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссардың бұл мәселені зерттеп, есеп беруін талап етті.