Франция президенті тағы да әлеуметтік желілерді бақылаудың маңыздылығын атап өтті
Шіл 24, 2023 23:00 Asia/Almaty
Франция президенті тағы да әлеуметтік желілерді бақылаудың маңыздылығын атап өтті. Осы елдегі жуырдағы тәртіпсіздіктерден кейінгі алғашқы теледидарлық сұхбатында Макрон: «Франция жасөспірімдер мен жастарды әлеуметтік желілерден қорғауы керек. Франция президенті цифрлық реттеу және орынсыз мазмұнды жою арқылы шектен шығушылықты тоқтату керек екенін атап өтті»- деді.
Наразылық акциясының алғашқы күндерінде Макрон әлеуметтік желілерді жабуды сұрады. Сондай-ақ бұл елдің Әділет министрі: «Билік виртуалды кеңістікте тәртіпсіздіктер туралы бейнежазбаны жариялаған интернет қолданушылардың жеке басын анықтап, сот органдарына бере алады»,- деп мәлімдеді.
Тегтер