Иранның Ішкі істер министрі Түркия елшісімен кездесті
Иранның Ішкі істер министрі Түркия елшісімен кездесуінде: "Екі елдің қарым-қатынасын нығайту ислам әлемі мен Батыс Азия аймағының мүддесіне сай келеді",-деді.
Иран Ішкі істер министрі мен Түркияның жаңа елшісінің кездесуіне Батыс Әзірбайжан облысының әкімі де қатысты. Кездесуде екі елдің саяси және коммерциялық байланыстарын дамыту және нығайту керегі баса айтылды.
Вахиди Хиджаби Керлангичпен кездесуінде: "Ирандағы Түркияның жаңа елшісінің миссиясы кезінде екі елдің қарым-қатынасы одан ары кеңейе түседі",-деп үміт білдірді.
Иранның Ішкі істер министрі сондай-ақ Арас өзені мәселесін маңызды деп атап, Иран мен Түркияның шекаралық облыстары арасында қарым-қатынасты дамыту үшін жұмыс тобын құруды ұсынды.