Нигерияда қауіпсіздік күштері имам Хұсейнді (ғ.) аза тұтушыларға шабуыл жасады
https://parstoday.ir/kz/news/world-i71430-Нигерияда_қауіпсіздік_күштері_имам_Хұсейнді_(ғ.)_аза_тұтушыларға_шабуыл_жасады
Нигерия армиясы мен полициясы ел астанасы Абуджа қаласында имам Хұсейнді (ғ.) аза тұтушыларға әскери оқ атып, оларды таратты. Аза тұтушылардың бірқатары қамауға алынды.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Шіл 29, 2023 19:32 Asia/Almaty
  • Нигерияда қауіпсіздік күштері имам Хұсейнді (ғ.) аза тұтушыларға шабуыл жасады

Нигерия армиясы мен полициясы ел астанасы Абуджа қаласында имам Хұсейнді (ғ.) аза тұтушыларға әскери оқ атып, оларды таратты. Аза тұтушылардың бірқатары қамауға алынды.

Кадуна мен Зария қалаларында да Нигерияның қауіпсіздік күштері имам Хұсейнді (ғ.) аза тұтушыларға шабуыл жасап, оларды таратып жіберді.

Мәліметтер бойынша, биыл мұхаррам айында Нигерияның 500-ден аса қаласы мен ауылында әлем шиіттерінің үшінші имамы хазірет Хұсейнді (ғ.) аза тұту рәсімдері өтті.

Былтыр да Нигерияның қауіпсіздік күштері хазірет Хұсейнді (ғ.) аза тұту рәсімдеріне шабуыл жасап, Аһл-е бейтке ғашық ондаған шиітті шәһид етіп, бірқатарын жаралаған болатын.