Амир Абдуллахиан: Шетелдік күштердің Сирияда болуы шешім жолы емес
Иран Сыртқы істер министрі: "Шетелдік күштердің Сирия жерінде болуы бұл ел мен аймақта тұрақтылық пен қауіпсіздікті сақтауға еш көмектеспейді",-деді.
Амир Абдуллахиан кеше, дүйсенбі Сирия Сыртқы істер министрі Фейсал Микдадпен бірлескен баспасөз конференциясында: "Иран аймақта бейбітшілік, тұрақтылық пен қауіпсіздік орнатуға бағытталған талпыныстары мен қолдауларын бар күш-қуатымен жалғастыра береді",-деді.
Амир Абдуллахиан сионистік режимнің Сирия жеріне шабуылдарын айыптап: "Израиль режимі – аймақтың тұрақтылығын бұзып тұрған басты ошақ. Өйткені бұл режим өзін сақтап қалудың кепілін аймақта соғыс отын өршіту деп біледі",-деді.
Иран Сыртқы істер министрі аймақ елдерін сионистік режимнің әрекеттеріне бейжай қарамауға шақырып: "Израильдің жалған басшылары сионистердің бірде бір ісі жауапсыз қалмайтынын білуі тиіс",-деді.
Сирия Сыртқы істер министрі 2011 жылдан бері елге 400 мыңнан аса лаңкестің келгенін айтып: "Америкалық әскерилер Дейр-оз-Зор облысында көптеген сириялықты шәһид етті. Түркия армиясы Сирия территориясының бір бөлігін басып алды",-деді.
Фейсал Микдад Сирия мен Түркия халықтары арасында еш дұшпандық жоғын айтып: "Шетелдік және бөгде күштер Сирия жерінен шығарылуы керек",-деді.