Амир Абдуллахиан: Шетелдік күштердің Сирияда болуы шешім жолы емес
(last modified Tue, 01 Aug 2023 13:19:13 GMT )
Там 01, 2023 19:19 Asia/Almaty
  • Амир Абдуллахиан: Шетелдік күштердің Сирияда болуы шешім жолы емес

Иран Сыртқы істер министрі: "Шетелдік күштердің Сирия жерінде болуы бұл ел мен аймақта тұрақтылық пен қауіпсіздікті сақтауға еш көмектеспейді",-деді.

Амир Абдуллахиан кеше, дүйсенбі Сирия Сыртқы істер министрі  Фейсал Микдадпен бірлескен баспасөз конференциясында: "Иран аймақта бейбітшілік, тұрақтылық пен қауіпсіздік орнатуға бағытталған талпыныстары мен қолдауларын бар күш-қуатымен жалғастыра береді",-деді.

Амир Абдуллахиан сионистік режимнің Сирия жеріне шабуылдарын айыптап: "Израиль режимі – аймақтың тұрақтылығын бұзып тұрған басты ошақ. Өйткені бұл режим өзін сақтап қалудың кепілін аймақта соғыс отын өршіту деп біледі",-деді.

Иран Сыртқы істер министрі аймақ елдерін сионистік режимнің әрекеттеріне бейжай қарамауға шақырып: "Израильдің жалған басшылары сионистердің бірде бір ісі жауапсыз қалмайтынын білуі тиіс",-деді.

Сирия Сыртқы істер министрі  2011 жылдан бері елге 400 мыңнан аса лаңкестің келгенін айтып: "Америкалық әскерилер Дейр-оз-Зор облысында көптеген сириялықты шәһид етті. Түркия армиясы Сирия территориясының бір бөлігін басып алды",-деді.

Фейсал Микдад Сирия мен Түркия халықтары арасында еш дұшпандық жоғын айтып: "Шетелдік және бөгде күштер Сирия жерінен шығарылуы керек",-деді.    

Тегтер